Фото: © Минобороны России/t.me
Донецк облысының аумағынан Өзбекстан азаматтары табылған. Бұл ақпарат Украина қарулы күштерінің Бас штабы мәліметінде жүр.
Аталған мәліметке қарағанда, "Мариупольге құрылыс жұмыстарына келген Өзбекстан азаматтарының паспорттарын тартып алып, Ресей әскеріне ерікті ретінде қосып жіберген".
Өзбекстанның СІМ-іне сілтеген Gazeta.uz басылымы министрлік тексеріс бастағанын хабарлады.
Айта кетейік, биыл наурызда Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Ресей түрмесінде отырған Қарақалпақ азаматы Украинада өлгенін хабарлаған. Оның да Украинаға құрылысқа барғаны айтылған. Өзбекстанықтарға қатысты мұндай оқиға бірнеше рет қайталанған.
Маусымда Би-би-сидің Орыс қызметі Ресей түрмесінде отырған Орталық Азия азаматтарын Украинаға қалай жіберіп жатқаны жөнінде зерттеу жариялаған. Сайт мәліметіне қарағанда, Украинада Орталық Азияның 93 адамы өлген, оның 34-і - Өзбекстан азаматы.