Рембрандт автопортреті өткен сейсенбі күні болған Sotheby's виртуалды аукционда 14,5 миллион фунтқа (18,7 миллион АҚШ доллары) сатылды, деп хабарлайды ABC News.
Аукционшының айтуынша, голландиялық суретшінің автопортреті рекордтық сомаға сатылды
Sotheby's өкілдері коронавирус пандемиясына байланысты аукционның онлайн форматта өткізілгенін, оның жалпы құны 192,7 миллион доллар әкелгенін мәлімдеді.
Автопортрет 1632 жылы Рембрандт 26 жаста болғанда салынған. Картинаның алдын ала бағалау құны 12-16 миллион фунт болған. Рембрандттың 2003 жылы аукционға қойылған соңғы автопортреті 6,9 миллион фунтқа сатылғанын атап өтті Sotheby's өкілі.
Автопортрет тікелей эфирде трансляцияланған жаһандық аукционның негізгі бөлігіне айналды. Онда Рембрандттан Пикассоға дейін және Хуан Миродан Бэнксиге дейін өнер тарихының бес ғасырын қамтитын ондаған өнер туындысы болды.