08 мау, 2021 сағат 19:20

Регби: Қазақстан қыздар құрамасы Олимпиада іріктеу турниріне қатысады


Регбиден қыздар арасындағы Олимпиада ойындарына іріктеу турниріне қазақстандық спортшылар да қатысады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Аталған турнир 19-20 маусым күндері Монако мемлекетінде өткізіледі. 

Бас бапкер Анна Яковлева ұлттық құрама сапында ойынайтын спортшылар тізімін жариялады. Олардың қатарында Диана Абишева, Нигора Нурматова, Дарья Ткачева, Людмила Шерер, Алина Аскерова, Балжан Қойшыбаева, Құндызай Бақтыбаева, Влада Однолеток, Диана Қазыбекова, Вероника Степанюга, Мария Гришина және Галина Красавина ойнайтын болады. 

Айта кетерлігі, регбиден Қазақстан құрамасы аталған турнирде В тобында ойнайды. Қарсыластары - Жаңа Гвинея, Ямайка және Тунис. 

Регбиден Қазақстан қыздар құрамасы Азияда үздіктер қатарында саналады. Олар жеті мәрте Азия чемпионы атағын жеңіп алса, бір мәрте Азия ойындарында жеңіс тұғырынан көрінді.