19 мам, 2022 сағат 19:10

Референдумда әр азаматтың дауысы маңызды – Президент


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде 5 маусым күні өтетін республикалық референдумның маңызына тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«5 маусымда республикалық референдум өтеді. Ата заңымызға өзгерістер енгізіледі. Халқымыз осындай бетбұрысты кезеңде ел болашағын айқындауға тікелей атсалысатын болады. Жауапты сәтте әр азаматымыздың дауысы айрықша рөл атқарады», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Президент бизнес өкілдерімен 4 ай бұрын болған кездесуге тоқталды.

«Өткен жолғы басқосуда өзара пікір алмасып, жаңа ұстанымдарды айқындадық. Бірлесе жұмыс істеудің жолдарын нақтыладық. Мен бірқатар тапсырма бердім. Төрт ай деген аса көп уақыт емес. Бірақ, осы аралықта ел ішінде және әлемде талай нәрсе өзгерді. Жаңа Қазақстанды құруға кірістік», - деді Тоқаев.