12 мам, 2022 сағат 12:16

Референдум өткізуге 16,4 миллиард теңге бөлінеді - министр


Қаржы министрі - Премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда референдум өткізуге 16,4 миллиард теңге жұмсалатынын айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16 миллиард 460 миллион теңге бөлінеді. Орталық сайлау комиссиясы тарапынан тиісті есептер ұсынылды. Бүгін Үкімет осыған байланысты қаулы қабылдады. Қаржы республикалық бюджеттен, Үкімет резервінен бөлінеді", - деді Жамаубаев Үкімет кулуарында.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.