ҚР Президенті Телерадиокешенінің бас директоры Раушан Қажыбаеваның украиналық танымал журналист Дмитрий Гордонмен сұхбаты жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сұхбат барысында Дмитрий Гордон жалпы журналистиканың келешегі, танымал тұлғалармен сұхбат құрудың қыр-сыры, ұрпақ сабақтастығы, бұрынғы буын мен бүгінгі буынның көзқарасы туралы ой бөлісті. Сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінде оқып жүрген қазақстандық жастарға ерекше тамсанатынын атап өтті.
«Соғыс жылдарындағы Қазақстандағы халықтың өзінің жағдайы жақсы емес еді. Бірақ сонау қиын-қыстау кезеңде олар қаншама халыққа қорған болып, үйіне кіргізіп, аман алып қалды. Менің әжем мен әкем де соғыс кезінде Алматыда болыпты. Сол жылдары Қазақстан көптеген украиналықты паналатты. Алматының апорт алмасы мен жергілікті халықтың мейірімділігі әкемнің есінде ерекше сақталып қалған екен. Міне екі елдің арасындағы генетикалық сипатқа ие байланыс деген осы. Мен де, менің балаларым да бұл жақсылықты біледі», - дейді украиналық журналист «SOL» атты авторлық бағдарламада.
Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтемеден көруге болады.