17 мам, 2021 сағат 13:40

Рақымшылыққа сотталғандардың қандай санаты жатпайды?


Ішкі істер министрлігі рақымшылыққа ілінбейтін сотталғандардың санатын атады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қылмыстық кодекстің 78-бабы бойынша, кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық қылмыс (14-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге қатысты қылмыстарды қоспағанда), террористік, экстремистік қылмыстар, азаптаулар, сондай-ақ қылмыстардың қайталануы немесе қауіпті қайталануы бойынша сотталғандарға рақымшылық жасау туралы акті қолданылмайды», - деп жазылған Ішкі істер министрлігінің редакция сауалына берген жауабында.

ІІМ өкілдері қылмысқа қайта барған сотталушылар туралы мәлімет ұсынды. 

«Бүгінгі таңда қылмыстық атқару жүйесі мекемерлерінде қылмысын қайталағаны үшін сотталған 5 мыңнан астам адам жазасын өтеп жатыр», - делінген ресми жауапта.