04 шіл, 2021 сағат 20:23

Qazaqstan Barysy турнирінің жеңімпаздары белгілі болды


Qazaqstan Barysy-2021 турнирінің жеңімпазы мен жүлдегерлері белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Осымен оныншы рет өткен балуандар бәсекесі де мәресіне жетті. Сонымен Qazaqstan Barysy-2021 атағын және 25 млн теңге, алтын белбеу мен «тайтұяқ» жүлдені Дәурен Нұралинов жеңіп алды. Оның бапкеріне 3 млн 500 мың теңге табысталды.

Күміс белбеу иегері Ғалымжан Қырықбайға - 5 млн 500 мың теңге, оның бапкеріне 1 млн 800 мың теңге берілді. 

Үшінші орын иегері маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғаповқа 1 млн 800 мың теңге бұйырды. Қола белбеу үшін өткен белдесуде ол Ақтөбе облысының үміті Еламан Ерғалиевті «таза жеңіспен» ұтқан болатын. 

Нұрдәулет Жарылғаповтың бапкері 900 мың теңгенің сертификатына ие болды. 

Жеңімпаздарды марапаттау салтанатында Мажарстан астанасында дзюдодан өткен 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа 1 млн теңгенің сертификаты табысталды.