Qazaqstan Barysy турнирінің 2021 жылдағы алғашқы финалистері белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жамбыл облысының намысын қорғаған Ғалымжан Қырықбай турнирдің 2017 жылғы жеңімпазы Еламан Ерғалиевті «таза жеңіспен» қапы қалдырды.
Осылайша ол екінші мәрте Qazaqstan Barysy атану мүмкіндігін жіберіп алды.
Qazaqstan Barysy турнирінің екінші финалисі де белгілі болды.
Маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғаповпен белдескен шығысқазақстандық Дәурен Нұралинов қарсыласынан бүк ұпаймен басым түсті.
Осылайша Qazaqstan Barysy Х республикалық турнирінің финалында бұрын ақтық сынға шығып көрмеген балуандар шығып отыр.