19 шіл, 2021 сағат 14:43

Путинцева WTA рейтингінде жоғарылады


Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) рейтингінің жаңарған нұсқасы шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Теннис Федерациясының баспасөз қызметіне сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 20-шы болып қалды. Путинцева жеті позицияға көтеріліп, 35-ші орынға жайғасты.

Еске сала кетейік, жақында Юлия Будапештте өткен турнирдің жеңімпазы атанды. Зарина Дияс үш позицияға көтеріліп, 99-шы теннисші ретінде Үздік жүздікке қайта оралды. Жұптық разрядта Анна Данилина 120-шы орыннан 119-ға көтерілді.

Ерлердің жаңарған рейтингінде Александр Бублик үш позиция түсіп, 40-шы орынға жайғасты. Михаил Кукушкин бір жол көтеріліп, 123-ші орынға орналасты. Дмитрий Попко төмен сырғыды, енді ол 187-ші орында. Ал жұптық разрядта Андрей Голубев 35-ші, Бублик 49-шы, Александр Недовесов 84-ші орында тұр.