01 шіл, 2021 сағат 19:00

Путинцева Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шыға алмады


Қазақстандық әлемнің 42-ракеткасы Юлия Путинцева Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Путинцева екінші айналымда әлемнің 33-інші, осы «Үлкен дулыға» додасының 30-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен күш сынасты.

Бірінші партияда испаниялық теннисші 6:4 есебімен басымдылық танытты.

Бадоса екінші сетте қарқынын тіпті үдетті – 6:1.

Бәсеке 1 сағат 20 минутқа созылды.

Матч барысында испаниялық спортшы 2 эйс жасап, 9 брейк- пойнттың бесеуін пайдаланды. Бірде-бір рет эйс жасамаған Путинцева 3 брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды.

Осылайша Уимблдонда жекелей сында Қазақстаннан Александр Бублик пен Елена Рыбакина ғана қалды.

Бадоса төртінші айналымға шығу үшін әлемнің бесінші, осы жарыстың 3-ракеткасы, украиналық Элина Свитолина немесе рейтингте 44-орындағы Польша өкілі Магда Линеттің біреуімен таласады.