30 мау, 2021 сағат 18:05

Путинцева Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты


Қазақстандық Юлия Путинцева Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әлемнің 43-ракеткасы Путинцева бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 103-орында тұрған болгариялық Цветана Пиронковамен өткізді.

Қазақстандық теннисші 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Юлия 3 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Қарсыласы 1 эйс, 1 брейкпен шектелді.

Путинцева екінші айналымда әлемнің 33-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен шеберлік байқасады. Ол тартысты бәсекеде отандасы, рейтингте 151-сатыдағы Алена Большовадан басым түсті.