27 жел, 2019 сағат 11:51

Путин ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

Ресей Президенті Владимир Путин Алматы түбінде жолаушылар ұшағының құлауына байланысты қазақ халқына көңіл айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

Ресей басшысы Владимир Путин Алматыдағы ұшақ апатына байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады. Путин Ресей халқы жақындарынан айырылған жандардың қайғысына ортақтасатынын жеткізді, деп мәлімдеді Кремльдің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға бүгін таңғы жетіде Алматы түбінде болды. Алматы әуежайынан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Fokker 100 ұшағы көп ұзамай Талғар ауданындағы елді мекенге құлады.

Ұшақ бортында 93 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.

Полиция әзірге 12 адамның қаза болғанын растады. Көз жұмғандар арасында Informburo.kz ақпарат агенттігінің шығарушы редакторы Дана Круглова бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерт болғандардың жақындарына көңіл айтты. Сонымен қатар, кінәлі тұлғалар қатаң жазаланатынын жеткізді.