08 қар, 2023 сағат 11:31

Путин Тоқаевпен қарым-қатынасы туралы айтты

Фото: Ақорда

Ресей президенті Владимир Путин "Казахстанская правда" басылымына берген сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаевпен қандай қарым-қатынаста екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

"Қасым-Жомарт Кемелұлымен бірден шынайы дос болып кеткенімізді, жақын қарым-қатынас орнатқанымызды бірнеше рет атап өттім. Бұл таңғаларлық жағдай емес. Біз - бір уақыттың адамдарымыз және өз мемлекеттеріміз үшін барлық жауапкершілікті бірдей сезінеміз. Біз азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы орта қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін істейміз.

Үнемі байланыстамыз, әртүрлі форматтарда кездесеміз - екіжақты күн тәртібі бойынша да, көпжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша да. Мұндай байланыстар Ресей-Қазақстан ара-қатынасының деңгейін толық көрсетеді.

Ең бастысы, біздің халықтарымыз әрқашан тату көрші және шынайы дос болған және болып қала береді. Сенім, өзара түсіністік пен көпқырлы табысты ынтымақтастықтың баға жетпес дәстүрлерін нығайта отырып, біз басқаларға үлгі болатын мемлекетаралық байланыстың озық үлгісін сәтті жүзеге асыратынымызға сенімдімін. Сондықтан әлемде қандай жағдай болса да, мен одақтастық қарым-қатынастарымыз бен интеграциялық әріптестігіміздің болашағына сеніммен қараймын", - деді ол.