15 мау, 2017 сағат 18:26

Путин: Ресейге жаңа санкция салуға себеп жоқ

Владимир Путин, Ресей президенті. Мәскеу, 15 маусым 2017 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың Мәскеуге қарсы жаңа санкциялар салуына себеп жоқ. Оның сөзінше, Батыс санкцияларының мақсаты - "Ресейді тежеу". Путин бұл туралы бейсенбіде жыл сайын тұрғындар сауалдарына жауап беретін "тікелей желіде" мәлімдеді.

АҚШ сенаты сәрсенбіде Ресейге Украинадағы саясаты үшін бұған дейін салынған санкцияларды күшейтуді және өткен жылы АҚШ-тағы президент сайлауы барысына ықтимал килікпек болғаны үшін жаңа жауап шараларын қабылдауды мақұлдаған. Өзгерістер мен түзетулер пакеті Иранға қарсы санкцияларды қатаңдату жөніндегі ауқымды заң жобасы аясында қабылданған.

Путин Ресейге қарсы жаңа санкциялар салуға негіз жоқ деп, мұндай ұсынысты АҚШ-тағы ішкі саяси күрестің салдары деп атады. "Бұл - АҚШ-тағы созылмалы ішкі саяси күрестің дәлелі" деді Ресей президенті. Ол бұл шаралардың "Ресейді тежеуді және оның дамуына кедергі келтіруді көздейтінін" айтты. "Қырым болмаса басқа бірдеңе ойлап табар еді" деді Путин.

АҚШ пен Еуропа Одағы бұған дейін Қырымды аннексиялап, Украина шығысындағы сепаратистерге қолдау көрсеткені үшін Ресейге бірқатар санкциялар салған.

Азаттық