14 қар, 2016 сағат 12:35

Путин Ресей мен Арменияның біріккен әскерін құруды мақұлдады

Еревандағы әскери парадта сап түзеп бара жатқан ресейлік әскерилер. Қыркүйек 2016 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин үкіметтің Ресей мен Арменияның біріккен әскерін құру туралы ұсынысын мақұлдады. Бұл туралы құжат ресми құқықтық ақпарат сайтында жарияланды.

Бұған дейін "Интерфакс" агенттігі Ресей мен Арменияның біріккен әскерін құру жоспары туралы хабарлаған. Оның негізгі міндеттерінің бірі ретінде екі ел арасындағы шекараны қорғау аталған.

Шілденің соңында Ресей қару-жарағының Арменияға жеткізілетіні белгілі болған. Сол кезде Ресей парламенті біріккен әуе-қорғанысы күштерін құруды мақұлдаған.

Армениядағы Ресейдің ең ірі әскери нысаны Гюмридегі 102-әскери базасы саналады. Бұл база ТМД-ның әуе шабуылынан қорғаныс жүйесіне кіреді және ол С-300 зенит-зымыран кешендерімен жабдықталған.