Путин дауыс беруді 24 маусымда өткізу ұсынылғанын, бірақ шараны Жеңіс күні парадымен қатар қойғысы келмегенін жеткізді. Егер дауыс беру алты күн бұрын басталса, алғашқы күн 25 маусымға келеді.
Роспотребнадзор басшысы Анна Попова "коронавирус жұқтырғандардың темпі азайып, эпидемияның ең қиын шағы артта қалды" деп, дауыс беруді 1 шілдеде өткізуге келісті.
Конституциялық өзгерістерге дауыс беру бастапқыда 22 сәуірге белгіленіп, коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілді. Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге дайындықты 20 мамырда бастады.
- Путин Конституцияны өзгертуді қаңтарда ұсынған. Ол заң талап етпесе де, өзгерісті бүкіл халықтың дауысына салатынын мәлімдеген.
- Егер өзгеріс мақұлданса, Ресей Конституциясы барлық халықаралық заңнан жоғары тұрмақ. Президенттің осыған дейінгі мерзімдері толық жойылады. "Бір президент қатарынан екі мерзімнен артық сайлануға болмайды" деген сөйлем алынады. Яғни, Путиннің сайлауға түсуіне жол ашылады. Президент өкілеті арта түседі.
- Өзгерісте Құдайға сенім, неке деген әйел мен еркектің одағы екені көрсетілген. Ал орыс тілі "мемлекетті құраушы халықтың" тілі деп аталған.
- Өзгерісті Федерация кеңесі, Мемлекеттік дума мақұлдаған. Енді өзгеріске халықтың жартысынан көбі қолдап дауыс беруі тиіс.
- Бірқатар оппозициялық саясаткер дауыс беруге бойкот жариялауға шақырды. Олардың пайымдауынша, билік дауыс беруді бұрмалайды. Кейбір оппозициялық саясаткерлер қарсы дауыс беру керек деп санайды.