06 қар, 2023 сағат 15:23

Путин Астанаға келеді

Фото: kremlin.ru

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9 қарашада Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады" - делінген хабарламада.