19 мау, 2020 сағат 14:59

ПТР тесттен өтуді дәрігер немесе эпидемиолог шешеді - Ләззат Ақтаева

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева халықты себепсіз ПТР-тесттен өтпеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жүргізіліп жатқан тесттердің саны бойынша мәліметті келтірсек: 100 мың адамға есептегенде Қазақстан тәулігіне 7 мың адамды тесттен өткізеді. Басқа елдермен салыстырып көрелік: 100 мың адамға есептегенде Австрия мен Канадада күніне 6 мың адам, АҚШ-та 8 мың адамды өткізеді. Бұл тізімде Қазақстан 34-ші орында тұр», - деді

Ләззат Ақтаева ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушы азаматтарға тек клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша жүргізілуі керектігін еске салды.

«Тестілеуден медициналық ұйымдардағы инфекциялық және провизорлық стационарларға жатқызылған, ЖРВИ, пневмония белгілері бар немесе КВИ жұқтырған, медициналық бақылаудағы азаматтар өтеді. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша науқастармен жақын қарым-қатынаста болған азаматтар, стационарға жоспарлы немесе шұғыл түскен пациенттер, медициналық-әлеуметтік мекемелерге түскен азаматтар тесттен өтеді. Сонымен қатар тест алдын алу шарасы үшін де өткізіледі. Ол санат бойынша өтетіндер: Қазақстанға шетелден келетін азаматтар, жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері (айына бір рет) мен әскерге шақырылушылар», - деді ол.

Ләззат Ақтаева бір мәселеге назар аудару керектігін ескертті.

«Тест көрсеткіші жоқ азаматтарға тесттен өтудің қажеті жоқ. Яғни не клиникалық, не эпидемиологиялық көрсеткіші жоқ азаматтарға тесттен өтіп қажет емес», - деді ол.

Сонымен бірге Ләззат Ақтаева медициналық көрсеткіш бойынша тесттен өтудің маңыздылығына тоқталды.

«Халықтан тек медициналық көрсеткіш бойынша тесттен өтуді өтінеміз. Адамдардың тесттен өтуі керектігін клиникалық немесе эпидемиологиялық көрсеткіш расталған жағдайда дәрігер немесе эпидемиолог шешеді. Мен бұрын коронавирус инфекциясы анықталған науқастардың ішінде 24 пайызының клиникалық көрсеткіші барын атап өткен едім. Сол себепті клиникалық көрсеткіші бар адамдарға басымдық берілуі тиіс. Себебі коронавирусты уақтылы анықтау – ойлы ем-домның кепілі. Яғни егер медициналық көрсеткішсіз қаралатын болсаңыз, бұл жағдай зертханаларға жүктемені үдетіп, тиісінше тест нәтижесін алу уақыты да созылып кетеді», - деді ол.