Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов прокуратура органдарына байланыссыз жұмысқа тұруға болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
"Бүгін болатын әңгіме өте маңызды екеніне күмәнім жоқ, әсіресе жастарға. Олар прокуратураға байланыссыз, телефон арқылы хабарласусыз жұмысқа тұруға болатынын көріп, тексеруі керек. Біз сауалнама жүргіздік, жастардың 93 пайызы, өкінішке қарай, прокуратураға жұмысқа тұру үшін байланысың болу керек дегенді айтады. Барлығы да өз қолдарында, өмір салтына байланысты, әлеуметтік белсенділігі мен білімге деген құштарлығына қатысты", - деді Жақып Асанов кәсіби мемаппараттың құрылуы мәселесі бойынша алқа отырысында.
Бас прокурордың пікірінше, Президенттің "10 нақты қадамы" барлық органды, әсіресе мемлекеттік сыңайлы сектордың "патриоттығы шексіз және білімді қажет ететін" адамдарға есігін айқара ашуға мәжбүр етеді.