01 қыр, 2023 сағат 17:21

Президенттің көмекшілері тағайындалды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Президент Әкімшілігінде бірқатар ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен: 

Руслан Сұлтанұлы Желдібай – Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі;

Ержан Хозеұлы Қазыхан – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі;

Ержан Нұрланұлы Жиенбаев – Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымына тағайындалды.