02 қаз, 2019 сағат 11:26

Президенттің баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі тағайындалды

Ержан Байтілес Президенттің баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі болды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Президенттің Баспасөз қызмет тағы бір білікті кадрмен толықты. Журналистиканың қазанында қайнаған, «Ақ жол Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Ана тілі», «Егемен Қазақстан» секілді іргелі басылымдарда жұмыс істеп, қазіргі қалам ұстаған қайраткер ағалардың тәлімін алған Ержан Байтілес бүгіннен бастап Президенттің Баспасөз қызметіне сектор меңгерушісі болып орналасты», - деп жазды. Берік Уәли.

Оның жазуынша, Ержан Байтілес журналистикадан бөлек қоғамдық-саяси өмірге де белсене араласты. Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары қызметінде жүріп біраз тәжірибе жинады.

«Журналистикада, қоғамдық жұмыстағы тәжірибесі Президент Баспасөз қызметінің жұмысына өз септігін тигізеді деп ойлаймын. Жұмысыңа табыс, шығармашылығыңа шалқар шабыт тілеймін, Ержан!», - деп түйіндеді баспасөз хатшысы.