10 қаз, 2022 сағат 17:45

Президенттікке кандидаттарды ұсыну ертең аяқталады


22 қарашада кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Қоғамдық бірлестіктер атынан Президент сайлауына 5 үміткер ұсынылды.

Кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталған болатын. Науқан 19 күнге созылады. Атап айтқанда, 11 қазан 18:00-ге дейін.

Президенттікке кандидаттарды республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынады. Орталық сайлау комиссиясы 23 қыркүйек пен 21 қазан аралығында үміткерлердің Конституция мен сайлау заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді.

Осы уақыт ішінде Президент сайлауына 5 кандидат ұсынылды. Олар:

Жигули Дайрабаев – «Ауыл» партиясы атынан;

Нұрлан Әуесбаев – Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан;

Мейрам Қажыкен – «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» бірлестігі атынан;

Қасым-Жомарт Тоқаев – Халықтық коалиция атынан;

Қарақат Әбден – «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы» бірлестігі атынан.

Айта кетейік, ҚР Президенттігіне кандидаттардың әрқайсысы 118 000 қол жинауы керек. Үміткерлер үшін сайлау жарнасының мөлшері – 3 млн теңге.