03 ақп, 2019 сағат 20:03

Президенттік клиниканың басшысы Әмір Ахетов дүние салды

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы Ауруханасының директоры Әмір Амантайұлы дүние салды. Бұл туралы ҚР Президентінің Іс Басқармасы хабарлайды.

Әмір Амантайұлы Іс Басқармасының жүйесінде 10 жылдан астам уақыт еңбек етті. Әр жылдарда «Алматы» және «Оқжетпес» санаторийлерінің, Орталық клиникалық ауруханасының, Медициналық орталық ауруханасының басшысы қызметтерін атқарды.

Әмір Амантайұлы Медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының құрметті мүшесі, Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының профессоры. Сондай-ақ ол ғалымдар тобының құрамында болып, ұзақ өмір сүру жолындағы әзірлемесі үшін Қазақстан Республикасының  әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2017 жылғы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.