Кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында белгілі болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Сайланған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ант беру күні 2022 жылғы 26 қараша болып айқындалды», - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Еске салайық, бүгін ОСК отырысында 20 қарашада өткен президент сайлауының ресми қорытындыcы жарияланды.
Соңғы нәтижелер бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 81,31% дауысын жинады. Оған 6 456 392 адам дауыс берген.
Осылайша, Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының президенті ретінде тіркеді және заңнамада белгіленген тәртіппен сайланған Мемлекет басшысына тиісті куәлік тапсырылатын болады.