19 қар, 2019 сағат 12:25

Президент тапсырмасы: Травматология және ортопедия ҒЗИ жаңа ғимарат салынады

Елордадағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының жаңа ғимараты салынады. Бұл туралы ҚР Денсаулық министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Президент Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының жаңа ғимараты салынатын болады», - деді министр өзінің twitter парақшасында.

Еске салсақ, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы травматология және ортопедия ҒЗИ барып, Үкіметке клиниканы күрделі жөндеуден өткізуді, жаңа ғимараттар салу мәселесін шешуді тапсырған еді.