#
#
Бейсенбі 02/07/2020

Президент тапсырмасы: Медицина университеті қызметкерлерінің жалақысы өседі

  • 29.05.2020
  • 0
  • 337

Мемлекет басшысының тапсырмасына сай 2023 жылы Ақтөбедегі медициналық университетте дәрігерлердің орташа жалағасы 500 мың теңге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент Қасым–Жомарт Тоқаев Ұлттық кеңесте медицина қызметкерлерінің, ЖОО оқытушыларының еңбекақысын өсіру жөнінде тапсырма берген болатын. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінде оңтайландыру жұмысы нәтижесінде ақ халаттылардың еңбегін еселеу көзделді. 

«Қазіргі кезде университеттегі орташа жалақы - 180 мың теңге. Мәселен, емдеу ісінің мамандарына 250 мың, медбике, фельдшер және тағы да басқа орта медицина қызметкеріне 200 мың, ал өзге жұмысшыларға 100 мың теңге жалақы беріледі. Ал оқытушы-профессорлар орта есеппен 220 мың тг алады. Жалақы өссе 2023 жылы дәрігерлер 500 мың, медбикелер мен фельдшерлер 400 мың, кіші қызметкерлер 200 мың теңге алуы тиіс. Оқытушыларға 400 мың теңге жалақы тағайындалады. Тағы бір ескерерлік жайт, тәжірибе жинап жүрген оқытушылардың жалақысы дәрігерлерден кем түспейді. Сондықтан университет кірісті арттыру, әкімшілік шығынды азайту, оңтайландыру жұмысын ширатады. Президент тапсырмасы орындау үшін күш саламыз», - деді университеттің экономика және жоспарлау департаментінің жетекшісі Ернар Иманғалиев.

Айта кетейік, университте шамамен 1800 адам еңбек етеді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар