09 мау, 2019 сағат 18:19

Президент сайлауы: Қазақстанның 12 өңірінде дауыс беру аяқталды

9 маусым күні Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де Қазақстанның 12 өңірінде дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елдегі 17 өңірдің 12-сінде дауыс беру аяқталды. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары.

Қалған 5 өңірдегі сайлау учаскелерінде дауыс беру Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де (Батыс Қазақстан уақытымен 20:00-де) аяқталады. Аталған өңірлер: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары.

Еске сала кетейік, Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы күні сайлау учаскелері жергілікті уақытпен 07:00-де ашылып, 20:00-ге дейін жұмыс істеді. Дауыс беру аяқталған өңірлерде, сайлау комиссиясы дауыстарды санауға кіріседі.