Қазақстан сайлаушыларының 35,1 пайызы өз таңдауын жасады. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2019 жылғы 9 мауcым 12-00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 35.1 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды. Олардың ішінде Ақмола облысы бойынша 45.9, Ақтөбе облысы бойынша 50,3, Алматы облысы бойынша 47,3, Атырау облысы бойынша 33.5, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 44.8, Жамбыл облысы бойынша 43.7, Батыс Қазақстан облысы бойынша 26.1, Қарағанды облысы бойынша 29.6, Қызылорда облысы бойынша 39.3, Қостанай облысы бойынша 35.5, Маңғыстау облысы бойынша 29.3, Павлодар облысы бойынша 36, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 33.9, Түркістан облысы бойынша 30, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 24.6, Алматы қаласы бойынша 19, Шымкент қаласы бойынша 24.6 пайыз", - деді Ләззат Сүлеймен.
Оның атап өтуінше, дауыс беру заң аясында өтіп жатыр.