19 нау, 2023 сағат 08:25

Президент сайлауда дауыс берді

Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Еске салайық, Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы басталды. Сайлауға 7 саяси партия қатысып жатыр. Бұл ретте Қазақстанда бір мандатты округтер бойынша 609 кандидат ұсынылды, оның 525-і өзін-өзі ұсынушылар. Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауда 12 миллион 32 мың 550 адам дауыс бере алады.