29 қар, 2022 сағат 08:14

Президент ресми сапармен Францияға барды


Президент Францияға ресми сапармен барды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция Президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы француз іскер топтарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізеді.