25 шіл, 2024 сағат 09:57

Президент Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатыспайды


Фото:Ақорданың ресми сайтынан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатыспайды, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

"Президенттің жұмыс кестесі бойынша ол Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатыспайды", - деп атап өтті Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.


Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 27 шілдеге дейін қысқа мерзімді демалыста, ал Олимпиаданың ашылу салтанаты 26 шілдеде өтеді.