02 ақп, 2026 сағат 10:23

Президент Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады

Фото: ашық дереккөз

Президент 3-4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Ult.kz.

Сапар аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Шахбаз Шарифпен және Президент Асиф Али Зардаримен келіссөздер жүргізіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды.

Сонымен қатар Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысу жоспарланған.