15 мам, 2023 сағат 17:33

Президент мұндай шараларды қолдамайды - Желдібай Тоқаевтың туған күні туралы

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай 17 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Желдібай Президент баспасөз қызметіне бұқаралық ақпарат құралдарынан Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтар келіп түсіп жатқанын жеткізді.

"Осыған орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды. Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады. Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да Президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді", - делінген хабарламада.