Ақордада өтiп жатқан Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев кешегi ауыс-түйiстердiң себебiн түсiндiрдi, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Үкiметте болып жатқан өзгерiстердi естiп-бiлiп отырсыздар. Оның өзiнiң логикасы бар. Бiрiншiден, қауiпсiздiк мәселесi жағын күшейту, нығайту, деңгейiн көтеру мәселесi бар. Одан кейiн Кәрiм Мәсiмовты өзiнiң келiсiмi бойынша қажеттi жерге барып отыр. Бұл қазiр өте қажеттi болып тұрғанын көрiп отырсыздар. Терроризм, басқа жағы да бар. Тәжiрибесi бар, республиканың жағдайын бiледi деп қойдым», - дедi Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы атап өткендей, Премьер-министрдiң босатылуына байланысты Үкiмет қазiр отставкаға кеттi.
«Көп созбай, бәрiн шешетiн боламыз. Жаңа басшылар, жаңа министрлер болады. Дегенмен көп өзгерiстер бола қоймас деп санаймын. Себебi Үкiмет өз жұмысын қиын-қыстау жағдайда орындап жатыр. Бүгiн жылдың аяғына дейiн не iстейтiнiмiздi келiсiп алайық», - дедi Елбасы.
Еске сала кетейiк, кеше министрлер кабинетіне жетекшілік еткен Кәрім Мәсімов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. ҚР Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқару Бақытжан Сағынтаевқа жүктелді. Мемлекет басшысының Өкімімен ҚР ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Владимир Жұмақанов Қазақстан Президентінің кеңесшісі қызметін атқаратын болды.