Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Грузиядағы жаңадан тағайындалған елшісі Мәлік Мырзалинді қабылдады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Әңгімелесу барысында Президент Грузиямен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәлік Мырзалинге екі ел арасындағы сауда-экономикалық, көлік-логистикалық қатынастарды жандандыру жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.