06 мау, 2019 сағат 12:02

Президент Қазақстанның бірқатар мемлекеттегі елшілерін қызметінен босатты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үш мемлекетке жаңа елші тағайындады. Мемлекет басшысының жарлықтары Ақорда сайтында жарияланған.

Тоқаев арнайы жарлықпен үш елшіні қызметтен босатты:

  • Үсен Әбдіқадырұлы Сүлейменді Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елші қызметін қоса атқарудан;
  • Болат Тұрарұлы Нүсіповті Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен;
  • Азамат Рахманқұлұлы Бердібайды Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Ирак Республикасындағы, Ливан Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елші қызметін қоса атқарудан.

Қызметтен босатылған дипломаттардың орнына жаңа елшілер тағайындалды.

"Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне; Дәурен Айтбайұлы Кәріпов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне; Айдарбек Ануарбекұлы Тұматов Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген жарлықта.