14 сәу, 2025 сағат 15:40

Президент қазақстандық бітімгерлерді мемлекеттік наградамен марапаттады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери борышын үлгілі атқарғаны, Біріккен Ұлттар Ұйымының Голан жоталарындағы бітімгерлік миссиясын жүзеге асыру барысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ әскери қызметшіні мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Ult.kz.

Президент әскери қызметшілерге жауынгерлік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін тағы да алғыс айтып, оларға тілекші болған жақындары мен отбасыларына ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, қазір еліміздің 158 азаматы Африка және Таяу Шығыс аймағында бітімгерлік қызметте жүр.