29 нау, 2023 сағат 11:10

Президент Қазақстан Үкіметін отставкаға жіберді

© Sputnik / Владислав Воднев

Бүгін VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында Әлихан Смайылов басқаратын министрлер кабинеті жаңадан сайланған Мәжіліс алдында отставкаға кетті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Үкіметінің өкілеттігіне қатысты Қаулыға қол қойды.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі" - делінген құжат мәтінінде.