12 сәу, 2019 сағат 10:22

Президент: Қандастарымызды елге қайтару ісі назардан тыс қалмайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауға сапары барысында жұртшылықпен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың Твиттердегі парақшасына сілтеме жасап. 

Кездесу барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Шетелдегі қандастарымызды елге қайтару ісі ешқашан назардан тыс қалған емес, қалмайды да. Дүниежүзіндегі қандастарымыздың басын туған жерде біріктіру - біздің қасиетті парызымыз», - деп мәлімдеді.

Сондай-ақ, Президент Жастар жылына қатысты пікірін білдірді.

«Мен жас ұрпақты қолдау болашақты қорғау деп білемін. Биыл «Жастар - ел тірегі» арнаулы әлеуметтік жобасы іске қосылды. Жастар жылында науқаншылдыққа, көзбояушылыққа жол беруге болмайды!», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу барысында.