30 қыр, 2020 сағат 16:25

Президент ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңға қол қойды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң актілеріне өзгеріс енгізетін заңға қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады», - делінген Ақорда сайтында.