19 шіл, 2021 сағат 15:39

Президент: Эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады


Мемлекет басшысы еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте соңғы кезде коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артып кеткендігін мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

«Соңғы кезде коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артып кетті. Күн сайын 5 мыңнан астам науқас тіркелуде. Бір апта бұрын осы мәселені Үкіметтің кеңейтілген отырысында қарастырдық. Сол кезде Үкімет ахуалды бақылауда ұстап отырмыз деп мәлімдеген болатын. Бірақ, өкінішке қарай, жағдай жақсаратын емес. Керісінше, эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады. Әсіресе, елордадағы жағдай өте күрделі», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.