28 қар, 2022 сағат 17:41

Президент "Белгісіз жауынгер бейітіне" гүл шоғын қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Белгісіз жауынгер бейіті" ескерткіш-мемориалына гүл шоғын қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Ресейге ресми сапары Александр бағындағы "Белгісіз жауынгер бейіті" мемориалына гүл шоғын қою рәсімінен басталды.

Бір минут үнсіздіктен кейін оркестр Қазақстан Республикасының әнұранын орындады. Содан соң Қазақстан делегациясының алдынан Құрмет қарауылы салтанатпен сап түзеп жүріп өтті.