16 қаз, 2025 сағат 10:40

Президент Бектеновке тапсырма берді: түзетулер осы аптаның соңына дейін дайын болуы керек

Фото: Akorda.kz

Президент Премьер-министр Олжас Бектеновке осы аптаның соңына дейін азаматтардың мүддесін ескере отырып, экономикалық реформалар бағдарламасын іске асыру тетіктерін нақтылауды жүктеді, деп хабарлайды Ult.kz. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.

Мемлекет басшысы Үкіметке шағын және орта бизнесті қолдау, инвестициялық ахуалды жақсарту, сондай-ақ елдегі экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында түзетулер енгізіп, нақты шешімдер қабылдау қажет екенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, Үкіметтің қазіргі экономикалық саясаты Қазақстанның стратегиялық мүдделеріне сай келеді. Сонымен бірге онда жаһандық конъюнктура мен қазіргі нарықтық үрдістер де ескерілген.

Бұл тапсырма экономиканы әртараптандыру, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау және халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында беріліп отыр.