16 мау, 2024 сағат 13:59

Президент Әзірет Сұлтан мешітіне барды

Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесіне орай елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мешітте Құран оқытылып, Мемлекет басшысының атынан құрбандық шалынды.

Бүгін күллі мұсылман үшін ұлық саналатын Құрбан айт мерекесі басталды.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.