Фото: Тұрар Қазанғапов
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әуе қорғанысы күштерінде тағайындаулар жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды;
Нұртас Дәулетұлы Қабақов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Нұрлан Секенұлы Орманбетов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды;
Қайрат Әнуарбекұлы Садықов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.