Фото: Facebook/aruzhan.sain
Аружан Саин бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Мемлекет басшысының өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда сайтында жарияланған өкімде.
Айта кетейік, Саин бұл қызметке 2019 жылдың 18 шілдесінде тағайындалған болатын.