27 сәу, 2020 сағат 11:30

Президент әрқайсымызды толғандырған сауалға толыққанды жауап берді - Зарема Шәукенова

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі мәлімдемесінде әр қазақстандықты толғандыратын барлық сауалға толыққанды жауап берді. Мұндай пікірді ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі жарияланды. Онда Президент бүгінде әрбір қазақстандықты толғандыратын барлық сауалға толыққанды әрі нақты жауап берді. Ең алдымен төтенше жағдай режимін осы жылыдң 11 мамырына дейін созу шешімі қабылданды. Бұл орын алып отырған қазіргі қиындықтардан туындаға жайт. Өкінішке ора й, індеттің шарықтау шегі әлі өткен жоқ. Бір сәтте карантиндік шараларды алып тастаған жағдайда осы уақытқа дейін қол жетізген жетістіктеріміздің бәрі, нақты айтқанда вирустың тарау жағдайын бақылауда ұстау зая болады және ауруға шалдығудың жаңа толқынымен бетпе-бет келеміз», - дейді ол. 

Оның атап өтуінше, індеттің қауіпті екенін қаперден шығаруға болмайды. Себебі, бүгінде барша әлем осы пандемияға тап болып отыр. Бұл орайда «Бұл да өтер» деп арқаны кеңге салуға болмайды. Індет адам баласының денсаулығына үлкен қатер төндіреді. 

«Дегенмен, коронавирустың таралуымен байланысты ахуал бақылауда тұрған облыстарда және қалаларда карантин режимі жеңілдетілуі мүмкін. Ең алдымен өнеркәсіптік кәсіпорындар, банктер мен халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін. Балалардың ойын алаңдарына шығуы, саяжай иелеріне учаскеде көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру және халықтың тұрмыс-тіршілігін ұйымдастырудың өзге де маңызды мәселелері талқыланып жатыр», - деді Зәрема Шәукенова. 

Институт басшысының атап өтуінше, кәсіпорын басшылары мен жергілікті билік өздеріне толық жауапкершілік алып, барлық санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. 

«Күнделікті өмір дағдысынан айырылуы, жоспарлардың, кірістердің өзгеріске ұшырауы, тәуекел тобындағы, әсіресе қарт адамдардың, балалардың денсаулығындағы проблема әлеуметтік көңіл-күйдің төмендеуіне әкелетіні рас. Бұл мәселелер Үкімет тарапынан шешіліп жатыр және Президенттің тұрақты бақылауында. Олар Қауіпсіздің кеңесінің және «Nur Otan» партиясының төрағасы Елбасымыздың да жіті назарында тұр. Халықты қолдау шараларының екі топтамасы қабылданып, жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмыстар жүйелі негізде жалғаса береді», - деді ол.