01 мау, 2023 сағат 17:58

Президент Анкараға жұмыс сапарымен барады

Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы 3 маусымда жұмыс сапарымен Анкараға барады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 3 маусым күні Режеп Тайип Ердоғанның шақыруы бойынша Анкараға жұмыс сапарымен барады.

Осы күні Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысады", - делінген хабарламада.