31 мам, 2024 сағат 13:01

Президент Алматыға келді


Фото: Ақорда


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапарымен келді, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».


Сапар барысында Президент әуежайдың жаңа терминалын аралап көреді және басқа да бірқатар нысанға барады.


Сонымен қатар Мемлекет басшысы ғалымдармен, бизнес өкілдерімен, халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесулер өткізеді.